(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ МӨЛШ...

Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 180/23-8 шешімі

 

Осы редакция 2026 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Целиноград аудандық

 мәслихатының төрағасы

 

Л.Конарбаева

 

Целиноград аудандық мәслихатының

2024 жылғы 28 маусымдағы

№ 180/23-8 шешіміне

қосымша

 

 

Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға), Целиноград ауданында тұратындарға беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.